Елімізде алдағы күндері ауа-райы қалай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алдағы күндері ауа-райы қалай болады?

Елімізде алдағы күндері ауа-райы қалай болады?


Қазгидромет алдағы үш күнге ауа-райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды CaraVan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 26 Шiлде 2021
  • 54
Фото - Caravan.kz

Аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты салқын ауа массалары жылудың төмендеуіне әкеледі. Негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Түнде салқын, ал күндізгі температура ыңғайлы болады.

“Солайша, 28 шілдеде батыс пен шығысқа, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігіне, солтүстік-батысына және оңтүстік жартысына, 29 шілдеде орталыққа, күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжануда”,- делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі түнде 8-16°C , ал күндіз 17-30°C, жетеді. Орталықта және шығыста түнде 8-18 °C , дейін, күндіз 22-30 °C дейін жылы болады.