Жарияланды: 410

Елімізде аптап ыстықтың беті әзір қайтпайды

Алдағы демалыс күндері 5 облыстың тұрғындарына көлеңке іздеп сабылуға тура келейін деп тұр. Синоптиктер сенбі, жексенбіде сынап бағанасының 45 градусқа дейін көтерілетінін ескертті.

Тіпті арты дауылға ұласуы мүмкін. Бұл ескертпенің әсіресе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстарына қатысы бар. Мұнда термометр бағамы 42- 45 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау мен Ақтөбе жұртын да осындай ми қайнатар аптап ыстық күтіп тұр. Мұндай күн-райы бірнеше күнге созылады дейді синоптиктер.

Алуа Саханова «Қазгидромет» орталығының инженері:

-Қазақстан территориясы бойынша, ауа температурасының көтерілуі күтіледі. 30-38 градусқа дейін.Тек оңтүстікте 43 градусқа дейін жоғарылайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін