Елімізде атом электр станциясын салу технологиясы 2023 жылы таңдалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде атом электр станциясын салу технологиясы 2023 жылы таңдалады

Елімізде атом электр станциясын салу технологиясы 2023 жылы таңдалады

Қазақстанда 2023 жылы атом электр станциясын салу технологиясы таңдалады. 4 елдің технологиясы қарастырып таңдау жасалмақ.

  • 30 Желтоқсан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

“2009 жылдан бастап Қазақстан өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі 21,6 мың тонна деңгейінде күтілуде. Осы желтоқсан айында Қытайға жылу бөлетін жинақтарды жеткізудің бірінші партиясы жеткізілді. Атом электр станциясын салудың оңтайлы орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды”, — деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Атом электр станциясын салуға 4 елдің технологиясы қарастырылады. Олар CNNC (Қытай), Росатом (Ресей), KHNP (Корея), EDF (Франция).


"2023 жылы аталған технологиялардың бірі таңдалады. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Ресей Федерациясы бар. Соның арасынан таңдау жасаймыз. Одан бөлек, Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасауда атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарланған", — деді Болат Ақшолақов.

Соңғы жаңалықтар