Елімізде ауа райы құбылмалы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ауа райы құбылмалы болады

Елімізде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, - деп жазады baq.kz. Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалынд

  • 26 Мамыр 2017
  • 311
Фото - Caravan.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, — деп жазады baq.kz.

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, тек батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, шаңды аралас дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.