"Елімізде ауыл шаруашылығының болашағы өте зор" - агроном Ерсұлтан Абдраман - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елімізде ауыл шаруашылығының болашағы өте зор" - агроном Ерсұлтан Абдраман

"Елімізде ауыл шаруашылығының болашағы өте зор" - агроном Ерсұлтан Абдраман

Ауыл шаруашылығы-халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі, өйткені ол азық-түліктің негізгі өндірушісі болып табылады.

  • 9 Қаңтар
  • 116
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қандай деңгейде? Бұл салада жұмыс істейтін жандарға мемлекеттік қолдау бар ма?

Осы және өзге де сұрақтарға жас агроном Ерсұлтан Абдраман жауап береді.

— Алдымен өзіңіз құрған жылыжай туралы айтып өтсеңіз? Бұл кәсіпке қалай келдіңіз, неліктен ауыл шаруашылығы саласын таңдадыңыз?

2019-2020 жылдан бастап мемлекеттің атынан гранттар ұйымдастыратын. Сол кезде өз жобамды ұсынып, грант ұтып алғанмын. Сити фермамды ұсынған едім. Мемлекеттік гранты арқылы жабдықтар алдым. Үй-жайда өсірілетін 15-ке жуық салат түрлерін өндіретінмін. Ол кез карантиннің алды болатын. Оңтүстіктің ең мықты деген мейрамханаларымен жұмыс істеп, олар біздің тұрақты тұтынушыларымыз болған. Сол кезде карантин болғаннан асүйлер тоқтатылып, ол шаруамыз екі жыл төтеп беріп, сосын күйреген болатын. Өзім агроном болғандықтан 2021 жылдан бастап Түркістан қаласының шетінен 2000 шаршы метрді құрайтын фазенда салып, жылыжай салғанбыз. Қазір бөлек, бөлек. 2021 жылдан бері сол жерде салат өнімдерін өсіріп жатырмыз. 2023 жылдан бастап 20-ға жуық салат өнімдерін өсірудеміз. Көкөністен неге кеттік? Себебі, қатты аяз болды, 4 тоннаға жуық қызанақтарымыз үсіп кетті. Ол суыққа төтеп бере алмадық.

— Арнайы аймақтарға барып жылыжайларды жүйеге қоятын сияқтысыз?

— Арасында әлеуметтік желіге инстаграмға, тик ток желісіне салып, сол арқылы қазір 1,2 жылдан бері Қазақстанның біраз аймағын аралап, тастанды жылыжайлар бар, жүрмей жатқан жылыжайлар бар немесе дұрыс жүрмей тұрған жылыжайлар бар, ауыл шаруашылығының проблемалары бар жерлерге қолғабыс тигізуге тырысамын. Сол адамдар менің шаруамды көріп, арасында шақырып тұрады. “Осындай жылыжайым бар, жүргізсек” деп сұрап жатады. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында керемет жылыжайларды ұйымдастырдық. Ар жақтан Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан түрлі салат өнімдері кіреді. Соларды кішкене тоқтатып, отандық өнімді тарату үшін, дамыту үшін көкөніс емес, салат өнімдерін көп етіп өсіре бастадық. екі айдың ішінде сатылымға шықты, жобасы жақсы жүріп жатыр. Осындай, осындай жобалар бар. Дәнді еккеннен бастап барлығын өзім көмектесіп, сатылымға шыққанға дейін өзім жасап отырамын. Әрі қарай сатылымына араласпаймын. Осылай бар білгенімді үйретіп жатырмын. Себебі елімізде, агроөнеркәсіп саласын дамытуға кез келген адам ат салысуы тиіс деп санаймын.ауыл шаруашылығы, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері  халық үшін аса қажет сала.

— Жалпы ауыл шаруашылығының болашағы бар ма?

— Менің салам ол ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығы бағыты. Оның ішінде өсімдік, көкөніс болып тағы бөлінеді. Мен күнделікті тұтынатын салат өнімдерімен айналысамын. Қазақстанда ауыл шаруашылығының болашағы өте зор. Ауыл шаруашылығы әлемнің кез келген елінде бар. Өйткені, әлімсақтан бері жер бетінде өмір сүріп жатқан адамдарды асырап келе жатқан ол – тамақ. Көрінбейтін ресурстардан бөлек ең керемет көрінетін ол біздің егін шаруашылығымыз, мал шаруашылығы. Шынайы түрде дағдарыс болатын болса адам бірінші қарны аш болып тұрып киім алмайды, телефон алмайды. Адам бірінші кезекте  тамақ алады. Қазір Қазақстанның жағдайы қиын деп жатыр, бірақ шын мәніне халық өндірушілерді мүлдем түсініп жатқан жоқ. Сондықтан да айтқым келетіні ауыл шаруашылығында қызмет ететін жандарға, кәсібі бар жандарға халық көбірек қолдау білдірсе, шетелдің өнімдеріне емес, Қазақстанның өнімдеріне, отандық өнімдерге қолдау білдірсе дегім келеді.

— Бұл іспен студент кезіңізде айналысып бастадыңыз ба?

— Бұл шаруамен студент кезімде айналыса бастадым. Себебі менде сондай қызығушылық болды. Бір күні анам қыстың кезінде дастарханға қияр мен қызанақ алып келді. Сол кезде оңтүстікте жылыжай деген енді келіп жатқан кезі. Сол кезде “қыстың кезінде қалай өсіреді, қалай өндіреді” деген қызығушылық басталып кетті. Өсімдіктер туралы, көкөністер туралы қызыға бастадым. Ізденіп, ізденіп Түркістан гуминарлы-техникалық колледжіне оқуға түскен едім. “Ауыл шаруашылығы” мамандығына оқуға түскен болатынмын. Ол кезде мен агроном мамандығы болмағанын біле тұра “Ауыл шаруашылығы” мамандығына оқуға түстім. Оқу барысында ізденіп Шымкент қаласына бардым, практикамен Қостанайда, Рудныйда, Астанада, Алматыда болдым. Біраз жерде эксперимент жұмыстарын жасап, Қаратау өңірінде де түрлі өсімдіктерді егіп, зерттеп, саралап барлығын жазып, “олар мынадай уақытта өседі, мынау мынадай төзімді, мынау мынадайға төзімсіз” деген сияқты. Солай практика жасап, Шымкент қаласында кіреберіс жерде жылыжайға жұмысқа орналастым. Ол жерде де жылыжай енді ғана дамып бастаған кез еді. Сол жерде жылыжайда от жағушы болып жұмыс жасадым. Жылыжайдың іші жап жасыл болып керемет көрініс болатын. Ішінде жұмыс жасап, өзім үйрене бастадым. Ол кезде 2-3 курс оқитын едім. Мемлекеттік практика кезінде жылыжайға жұмысқа баратын едім. Өзім үйренісе бастағаннан кейін жылыжайдың басшысы қасыма жұмысшылар бере бастады. Солай командама 5 адам, сосын 10 адам жинадым. 10 мың шаршы метрге дейін жылыжайды басқардық. Көп тәжірбие жасап өзім айтып өткендей Түркістан қаласында кішігірім 2000 шаршы метрды құрайтын жылыжайым бар.

— Өз ісіңіздің өзгелерден ерекшелігін айтып өтсеңіз…

Менің ісімнің өзгелерден ерекшесі ол – жылыжайда салат түрлерін жасайтыным. Айтып өткенімдей 15-ке жуық түрлі салат өнімдерін жасаймыз. Өзімнің “Alash agro” деп аталатын жылыжай өнімдерім бар. Сол жерден әртүрлі салат өнімдерін төмен бағада алуға болады. Сондай-ақ Маңғыстау, Қызылорда облыстарына жылыжайды басынан бастап, сатылымға шыққанша қалай жасау керектігін, қалай өсіру керек, қалай баптау керек соның барлығын үйретуге барғаным бар. Әлі де шақырулар бар, мүмкіндік болған кезде барып тұрамын. Өз ісімнің өзгелерден өзгешілігі осыдан болар. Мен өзгелерден ерекше болсам, өзгеше болсам демеймін. Мен өзіме ұнайтын, өзім айналысқым келетін іспен айналысамын. 2018 жылы қызыға бастадым, ол кезде есімде Бейжің олимпиадасы болып жатқан, сол шақтан бері жылыжайға, әрине ауыл шаруашылығы өйткені ол өзімнің мамандығым қызыға бастадым

Соңғы жаңалықтар