Елімізде балаларға арналған авторындықтың құны екі есе қымбаттап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде балаларға арналған авторындықтың құны екі  есе қымбаттап кетті

Елімізде балаларға арналған авторындықтың құны екі есе қымбаттап кетті

Жаңа жол ережелері төңірегіндегі дау басылар емес. Енді елімізде такси бағасы қымбаттауы мүмкін. Себебі, заңға сәйкес балаға арналған орындық әр бір таксиде болуы керек. Жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме оны сатып алғанды қойып, баласы бар клиенттерімізден қағылып, шығынға батып отырмыз дейді. Ал, тәртіп сақшылары заң бұзған жүргізушілерге әзірге тек ескертулермен ғана шектелуде.

  • 10 Қаңтар 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Жол қозғалысы ережелері» туралы заң күшіне енгеніне екі тәулік болса да, жұрт автоорындық сатып ала алмай жүр. Себебі, дүкен сөрелерінде балаға арналған орындықтардың тек қымбаты қалыпты. Бағасы 77 мыңнан басталады.

Полина Щербатова, сату жөніндегі кеңесші:

-Біздің дүкенге тауар 10 күн бұрын келген. Бағасы 14 мыңнан басталатынын бірден талап әкетті. Қазір қымбаттары қалды. Арзан орындықтар енді қаңтардың 20-нан кейін келеді. Барлық жердегі жағдай осы.

Екі баланың анасы Светлана Әбдіқадырова да әзірге жол ережесін бұзып жүр. Себебі, бір баласын балабақшаға, екіншісін мектепке апаратын ана заңға түбегейлі қарсы. Бірақ амал жоқ автоорындық алу керек.

Светлана Әбдіқадырова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Ертеңгісін ерте балаларды күйеуім әкеп тастайды. Сонда менің күйеуімде екі кресло болуы керек. Ал, қайтқанда мен алам. Сонда менің көлігімде де екі кресло болуы керек. Сонда бізге 4-еу керек. Бұл баланы ойлау емес. Айыппұлды  көбейтіп халықты тонау деп аталады.

Ал, 12 жасқа дейінгі балаңыз болса, такси шақыртып, діттеген жеріңізге жетемін деп ойламаңыз. Себебі, жолаушы тасымалымен айналысатын мекеменің орындық сатып алғаны былай тұрсын, «баласы бар клиенттерімізден қағылып, шығынға батып отырмыз»-дейді. Сондықтан алдағы уақытта такси бағасы қымбаттауы ғажап емес.

Таңшолпан Байзауыр, таксопарк диспетчері:

-Біз барлықтарына бірдей такси жібере алмаймыз. Себебі, таксиші тапсырыс алады. Барған кезде бала болатын болса оны алмай кетіп қалады. Себебі, жаңа заңға сәйкес авто орындықсыз бала тасымалдауға болмайды ғой.

Ал, жол жөнекей жолаушы тасымалдап, нәпақа табатын жүргізушілер жаңа заңды елемейтін болып шықты. 7 жасар Батырханның көмегімен келісілген сомаға көлік тоқтатып едік. Ешқайсысы балаға пысқырып та қараған жоқ.

-Абай мен Абылайхан көшесінің қиылысына дейін 500?

-Отырыңыз.

Жүргізушілердің бұлайша ережені елемеуі, тәртіп сақшыларының әзірге ескертумен шектеліп жатқандығы себеп болса керек. Өйткені, жол ережесіне қатысты өзгерістерді естіп-білмегендердің қатары әлі қалың. Ал, біраз уақыт өткен соң, ережеге бағынбаған бұл жүргізушілер 10 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.