Елімізде бэби-бокс орнату мәселесі қыркүйек айында шешіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бэби-бокс орнату мәселесі қыркүйек айында шешіледі

Елімізде бэби-бокс орнату мәселесі қыркүйек айында шешіледі

Елімізде тастанды балаларға арналған бэби-бокстар орнатыла ма? Соңғы уақытта қоғам белсенділері осы сұрақты қызу талқылап жүр. Бірақ олардың пікірі әртүрлі.

  • 24 Маусым 2016
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бірі жаңа туылған нәрестелердің аманқалуы үшін контейнер орнатуды құп көрсе, енді бірі оның кері әсерін алға тартып, түбегейлі қарсылық білдіріп отыр. Дегенмен екі айдан кейін арнайы құрылған мемлекеттік комиссия нақты шешім қабылдайды. Еске сала кетейік, бұған дейін қоқыс жәшіктері мен өзге де лас орындардан тастанды балалар табылған еді. Содан бері бэби-бокстар орнату туралы бастама жан-жақты талқыланып келеді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі: — Бұған дейін еліміздің қоғамдық ұйымдары «Аналар үйін» ашты. Оған барған келіншектер балаларын тастамай, қайта бауырына басып жатыр. Өйткені олармен психологиялық тұрғыда пайдалы кеңестер беріледі. Жалпы бала әркез анасының қасында болғаны дұрыс.