Елімізде білікті, білімді тергеушілер болмағандықтан, педофильдерге өлім жазасы қарастырылмайды – адвокат - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде білікті, білімді тергеушілер болмағандықтан, педофильдерге өлім жазасы қарастырылмайды – адвокат

Елімізде білікті, білімді тергеушілер болмағандықтан, педофильдерге өлім жазасы қарастырылмайды – адвокат

Қоғамды алаңдатып отырған үлкен мәселелердің бірі – педофильизм. Қала болсын, ауыл-аймақ болсын жас баланы зорлық-зомбылыққа итермелеу, аяусыздықпен өлтіру жер таңдамай тұрған ауыр жайт.

  • 6 Қыркүйек 2023
  • 1276
Фото - Caravan.kz

Бұл мәселе халықтың айтымымен педофильдерге өлім жазасы тағайындала ма? Заңға өзгеріс енгізіле ме?

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілшісі Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, Қазақ қоғамының қайраткері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты» номинациясының иегері Эльнура Кішкенбаевамен  сұхбаттасты. 

— Педофилизм көбейіп тұр. Қалай тоқтау қоя аламыз? Себеп-салдары неден екені айта аласыз ба?

— 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы заң қабылданды. Осыған орай 2019 жылы алғаш төрт педофилге химиялық кастрация жасалды. Химиялық кастрация дегеніміз — ағзаға жыныстық белсенділікті төмендететін дәрі-дәрмекті енгізу. 2022 жылы Қазақстанда 31 адамға химиялық кастрация жүргізілген. Ал, биыл 5 ай ішінде 30 адамға химиялық кастрация жүргізілді. Биыл 4 айда пробация қызметінің есебінде кәмелетке толмағандарға зорлық жасау дерегі бойынша 352 сотталған адам тұр. Себеп-салдары ол сол адамның ауру болуы немесе кішкентай кезінде қандай да бір травма алуына байланысты. Қалай тоқтау қоямыз? Қазір осыған байланысты арнайы заңдар түптеп келгенде кастрация жұмыс істейді. 

— Заңға өзгерістер қажет пе? Өлім жазасын сұрайтын қоғамның сұранысы жүзеге асуы мүмкін бе?

— Заңға қазіргі таңда әртүрлі өзгерістер енгізіліп жатыр. Дей тұрғанмен, елімізде әлі өлім жазасы туралы заң қабылданбайтыны анық. Өлім жазасына мораторийдің жарияланғанына биыл жиырма жыл толып отыр. 2003 жылдың желтоқсан айында өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрімен ауыстыру жөніндегі Жарлыққа қол қойылған болатын. Содан бергі уақытта қылмыстық алаңда не өзгерді? Бүгінгі күні бұл туралы қоғамда қандай пікірлер айтылуда? Жалпы, мораторийдің өмір бойы жарияланбайтынын ескерсек, онда мәселенің бір жағына шығатын уақыт келгендігін байқаймыз. Осы орайда өлім жазасын қалдыру керек пе, әлде одан бас тартатын кез жетті ме деген мақсатта ой қорытуға тура келеді.

-Өлім жазасына сіздің көзқарасыңыз қандай? Бізге қажет пе?

-Біздің Қазақстанда өлім жазасын тағайындау дұрысталмаған. Олай айтуымыздың себебі, жақсы білікті, білімді тергеушілер жоқ. Сондықтан, тергеушілердің жоқ болуына байланысты, дәлел таппаған материалдарды сотқа ұсынып жатады. Сондықтан, жазықсыз адамдар сотталып кету фактілері бар. Сол себепті, елімізге ондай өзгерістер жасау әлі ерте деп ойлаймын.

Әлемге қарасақ

Соңғы жылдары дүниежүзінде өлім жазасын жоюға және оның қолдану аясын тарылтуға шешуші қадамның жасалып жатқаны байқалады. Бүгінде 130 елде бұл жаза жойылған. Қазір тек Қытай, Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясы және АҚШ-та сақталып отыр. Ал, қалған елдерде заң түрінде болғанымен, тәжірибеде мүлде қолданылмайды. Десек те, бүгінгі таңда осы өлім жазасы 68 мемлекетте қолданылуда. Соңғы ресми деректерге қарағанда, 2011 жылы 20 мемлекетте 676 сотталған адам өлімге кесілген, яғни, 2010 жылға қарағанда, олардың саны (Қытайды ескермегенде) 149-ға өскен. Әлі де 18 750 адам үкім бойынша өз жазасын күтіп отырған көрінеді. Қытай мемлекетінде бұл деректер құпия болып есептеледі, сол себептен онда жазаланғандардың негізгі саны белгісіз. Өлім жазасын көбірек қолданып жүргендер қатарына Иран (360), Сауд Аравиясы (82), Ирак (68), АҚШ (43) және Йемен (41) мемлекеттерін жатқызуға болады. Оны орындауда сотталғандардың басын кесу, дарға асу, өлтіретіндей етіп дәрі беру және ату әдістері қолданылып жүр. Ескерте кететін бір нәрсе, АҚШ-та соңғы 10 жылда бұл жазаны қолдану үш есеге, ал, өлім жазасына кесу үкімі екі есеге азайғанын байқатыпты. Оның үстіне, Иллинойс штаты АҚШ-тағы өлім жазасынан бас тартқан 16-шы штат болса, Орегон штатында бұл жазаға мораторий жарияланған. Сондай-ақ, Еуропа мен ТМД мемлекеттерінің ішінде осы жазаны әлі де қолданып келе жатқаны тек Беларусь қана. Бұл мемлекетте өткен жылы метрода жарылыс жасаған екі қылмыскерге ату жазасы беріліп, ол жазаның орындалғанын білеміз.

Соңғы жаңалықтар