Елімізде бір тәулікте екі адам суға батып кеткен
Қызылорда облысында бес жасар бала Сырдария өзеніне шомылып жүріп батып кеткен, деп сейсенбі күні ТЖ министрлігінен хабарлады. Қазір облыстық ТЖ департаментінің су-құтқару қызметі бүлдіршіннің мәйітін іздеп жатыр. Кеше Атырау облысында да осындай қайғылы оқиға болды. Мұнда Жем өзенін кесіп өтпек болған 48 жастағы ер адам абайсызда суға батып кеткен, деп хабарлайды ТЖМ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін