Елімізде дәрі-дәрмек алу уақыты қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде дәрі-дәрмек алу уақыты қысқартылады

Елімізде дәрі-дәрмек алу уақыты қысқартылады

Ел азаматтары үшін дәрігерге қаралу мен дәрі-дәрмек алу мерзімі қысқартылады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оны әлеуметтік келісім-шарт жобасын енгізу арқылы реттемек, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

  • 25 Маусым 2016
  • 388
Фото - Caravan.kz


«Жалпы науқастар үшін дәрігерден рецепт алудың өзі қиын шаруа. Егер әлеуметтiк келiсiм-шарт болса, диагноз бен дәрі-дәрмектің нақты тізімі дәріханаға автоматты түрде жіберіледі»,-дейді сала басшысы.

«Тағы бiр проблема — дәрiгердiң рецепт беруi. Науқас оны алу үшiн медбикеге келедi, кейін учаскелiк дәрiгерге барады, ал дәрiгер бөлiм меңгерушiсiне бағыттайды. Науқас рецепт алу үшiн үш кезеңнен, үш кезектен өтiп, төртiншi кезеңде ғана ол дәрiханаға бара алады. Қазiргi таңда бiз рецепт бойынша автоматтандырылған жүйенi аяқтадық. Ол шiлде айында Астанада iске қосылады. Яғни ендi азамат дәрiханаға барып, керектi дәрiсiн алады. Бұрынғыдай дәрiханаларды аралап, сабылмайды», дейді  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік? даму министрі Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар