Елімізде дизель отыны қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде дизель отыны қымбаттайды

Елімізде дизель отыны қымбаттайды

Осы айдан бастап елімізде дизель отыны қымбаттайды. Жанармайдың нақты қанша теңге болатыны әзірге белгісіз. Дегенмен кемі 10-15 пайыз деген болжам бар. Ал бағаны көтеруге монополияға қарсы агенттік рұқсатын беріп қойған.

  • 2 Мамыр 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz

Дизель отынына бағаның тұрақсыздығы әсіресе шаруалардың қалтасын қаққалы тұр. Өйткені, бірер аптада егін егу науқаны басталғалы жатыр. Жалпы көктем мен күзде дәл осы солярка бағасының құбылуы қашаннан әдетке айналған. Оның үстіне биыл тура науқан алдында сол қымбаттағалы жатқан дизельдің тапшылығы айтылуда. Жетіспеушілік тіпті кей аймақтарда сезіле бастаған. Ішкі сұранысты қамтуға отандық зауыттардың шамасы жетпей жатқанға ұқсайды. 


Асылбек Дүйсебаев. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары :

-Біздің агенттікте дизель отынының бағасын есептейтін жаңа формула мақұлданды. Сондықтан мамырдан бастап, тек дизель бағасы қымбаттайды. Бағаның қаншалықты көтерілетінін нақты айта алмаймын. Шешім таяу күндері шығады.