Елімізде ең көп тараған фамилия қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ең көп тараған фамилия қандай?

Елімізде ең көп тараған фамилия қандай?

Әділет министрлігі Қазақстандағы ең көп тараған фамилиялардың тізімін ұсынды.

  • 14 Тамыз 2014
  • 697
Фото - Caravan.kz

   Бірінші орында Ахметовтер тұр. Бір қызығы, ең танымал төрттікке Ким фамилиясы кіріп отыр. Олардың бүгінгі саны 37 мыңнан асатын көрінеді, деп жазады «Айқын» газеті. 

Сонымен, Қазақстанда ең көп тараған фамилия — Ахметов екен. Еліміз бойынша 73 мыңнан астам адамның тегі — Ахметов. Екінші орында Оспанов фамилиясы. Оспановтардың саны елімізде 49 мыңнан асады. Ал үшінші орында Омаровтар. Қазақстанда олардың саны 45 мыңнан асады.

Кең тараған фамилиялардың бестігін Ивановтар тәмамдайды. 39 мың адам осы фамилияны иемденген. Сондай-ақ, тізім бойынша алдыңғы ондықтың ішіне, Әлиев, Сүлейменов, Ысқақов, Абдрахманов, Калиев сияқты фамилиялар енген.