Елімізде күрт күн суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде күрт күн суытады

Елімізде күрт күн суытады

Елімізде күрт күн суытады.

  • 29 Қараша 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылғы 29 қараша – 1 желтоқсан аралығына болжамы.

Алдағы үш тәулікте жылы ауа райынан кейін Қазақстанның басым бөлігінде cуытады. Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді. Бірақ суықтың басып кіруінің алдында Қара теңіздегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар, республиканың солтүстік жартысы арқылы жылжып, қар жауу, бұрқасын, күшті батыс желін, оңтүстік жартыда – тұман және көктайғақ шақырады.