Елімізде мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну мерзімі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну мерзімі аяқталды

Елімізде мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну мерзімі аяқталды

Мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну - кезекті мәслихат сайлауларын өткізуге бағытталған негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес белгіленген мерзімде аяқталды,- деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясы.

  • 24 Шiлде 2003
  • 509
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың 24-шілдесі таңертеңгі сағат тоғыздағы мәлімет бойынша барлығы 8184 үміткердің аты ұсынылды. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 1969 кандидат ұсынылып отыр. Атап айтсақ, Ақмола облысынан — 89, Ақтөбе облысынан — 53, Алматы облысынан — 93, Атырау облысынан — 55, Шығыс Қазақстан облысынан- 124, Жамбыл облысынан — 176, Батыс Қазақстан облысынан — 66, Қарағанды облысынан — 208, Қызылорда облысынан — 92, Қостанай облысынан — 94, Маңғыстау облысынан — 79, Павлодар облысынан — 80, Солтүстік Қазақстан облысынан- 77, Оңтүстік Қазақстан облысынан — 199, Астанадан — 177, Алматыдан — 307 адамның аты ұсынылды. Аудандық мәслихаттарға 3951 кандидат ұсынылды, соның ішінде Ақмола облысынан — 346, Ақтөбе облысынан — 164, Алматы облысынан — 333, Атырау облысынан — 185, Шығыс Қазақстан облысынан- 396, Жамбыл облысынан — 390, Батыс Қазақстан облысынан — 184, Қарағанды облысынан — 267, Қызылорда облысынан — 291, Қостанай облысынан — 299, Манғыстау облысынан — 95, Павлодар облысынан — 157, Солтүстік Қазақстан облысынан- 206, Оңтүстік Қазақстан облысынан — 638 адамның аты ұсынылды.

Қалалық мәслихаттардың депутаттығынан үміткер ретінде 2264 адам тіркелді, соның ішінде Ақмола облысынан — 100, Ақтөбе облысынан — 42, Алматы облысынан — 88, Атырау облысынан — 48, Шығыс Қазақстан облысынан- 308, Жамбыл облысынан — 115, Батыс Қазақстан облысынан — 86, Қарағанды облысынан — 503, Қызылорда облысынан — 62, Қостанай облысынан — 229, Манғыстау облысынан — 79, Павлодар облысынан — 179, Солтүстік Қазақстан облысынан- 77, Оңтүстік Қазақстан облысынан — 348 адамның аты ұсынылды.
Мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде кандидат ұсынуға байланысты нақтыланған деректер ҚР Орталық сайлау комиссиясына әлі де келіп түсуде.
2003-жылдың 20-шілдесінен бастап барлық деңгейдегі мәслихат депутаттағына аттарын ұсынған кандидаттарды тіркеу басталды.
2003-жылдың 24-шілдесі таңертеңгі сағат тоғыздағы мәлімет бойынша барлығы 55 адам тіркелді. Соның ішінде облыстық мәслихаттарға 12 адам, нақтырақ айтсақ, Ақмола облысынан -6, Павлодар облысынан -4, Солтүстік Қазақстан облысынан -2 адам тіркелді. Аудандық мәслихаттарға 35 кандидат тіркелді, атап айтсақ, Ақмола облысынан — 20, Павлодар облысынан -6, Солтүстік Қазақстан облысынан -9 адам тіркелді. Қалалық мәслихаттарға 8 адам тіркелді, олардың 8-і де Павлодар облысынан.