Елімізде мектептер бейнебақылаумен 100 пайыз қамтылды - Бейсембаев - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде мектептер бейнебақылаумен 100 пайыз қамтылды - Бейсембаев

Елімізде мектептер бейнебақылаумен 100 пайыз қамтылды - Бейсембаев

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің мектептері бейнебақылаумен толықтай қамтылғанын айтты.

  • 7 Наурыз 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол мониторинг нәтижесінде білім беру ұйымдарында оң динамика байқалатынын атап өтті.

Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету – 2,5 есеге, жедел басқару орталықтарына қосылу – 11 есеге, лицензияланған күзетпен қамту – 7 есеге және дабыл түймесін орнату – 21 есеге артқан.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша  бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100 пайыз қамтылған, әкімдіктер оларды нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошақтары қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған.Дегенмен, бұл жұмысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірде 2023 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет, — деді Ғани Бейсембаев.