Елімізде менингитке байланысты карантин жариялана ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде менингитке байланысты карантин жариялана ма?

Елімізде менингитке байланысты карантин жариялана ма?

Елжан Біртанов елімізде менингитке байланысты карантин жарияланбайтынын айтты.

  • 4 Маусым 2018
  • 46
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда менингитке қарсы карантин жарияланбайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның сөзінше, менингит өте қауіпті ауру. Сөйте тұра, елдің дүрлігуіне еш себеп жоқ екен.

Бұл туралы “The Qazaq Times” хабарлайды. 

"Біз менингит жұқтырып, одан қаза тауып жатқан науқастар туралы ақпаратты жоққа шығармаймыз. Алайда карантин жариялайтындай қауіп жоқ. Өйткені, аталған ауруға шалдыққан адамдар саны қалыпты деңгейден аспады. Отандастарымызға сабыр сақтап, дәрігерлерге тұрақты түрде қаралып тұруын кеңес етеміз" — деді, Біртанов.

Осы тұста, ведомство басшысы жыл басынан бері Қазақстанда 58 адамның менингитке шалдыққанын айтты. 12 науқас қауіпті аурудан көз жұмыпты.  Оның 5-еуі 4 жасқа толмаған балалар.

Одан бөлек, қазір 4 мыңнан аса адам осы ауруға арсы ем қабылдап жатыр екен. Министр екпе құны шынында қымбат екенін жасырмады. Алайда аталған дәрі тегін таратылмайды деп кесіп айтты.

Бейбіт күнде аты жаман аурудан ажал құшып жатқанда, министрліктің елді сабырға шақырумен ғана шектеліп отырғаны — әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Сонда Қазақстанда менингитке байланысты карантин жариялану үшін тағы қанша адам қаза табуы керек? Ведомство қазірден бастап қамданудың орнына, әліптің артын бағып отыр ма? Бәлкім оларға марқұм болған адамдар әлі де аздық ететін шығар? Тым болмаса, ақылы екпені бүлдіршіндерге тегін салуға болмас па еді?

Жауабы жоқ сауал көп. Бірақ осылардың ешбіріне еліміздегі денсаулық сақтау саласына жауапты адамның жауап бере алмас анық… | Материалды көшіріп бассаңыз http://qazaqtimes.com/article/41284 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.


Ұқсас тақырыптар:

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды
 

 

Соңғы жаңалықтар