Жарияланды: 650

Елімізде мұнай және газ экспорттауды қамтамасыз ету үшін тасымал инфрақұрылымын қалыптастыру қажет- ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары

Елімізде мұнай және газ экспорттауды қамтамасыз ету және ішкі рынокты қуат қорымен толықтыру үшін сенімді тасымал инфрақұрылымын қалыптастыру қажет. Бұл туралы бүгін, 8-қазанда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференцияда ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Ләззат Қиынов мәлімдеді.

Оның айтуынша, "Каспий қайраңын игере бастаған дәл қазіргі кезеңде еліміз экспорттық мұнай құбырларының тапшылығын қазірдің өзінде сезіне бастады. Республикамызда халықаралық рынокқа ешбір бөгетсіз шығатын бірде-бір құбыр жүйесі жоқ. ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасарының пайымдауынша, "Қазақстандағы көмірсутегі шикізатының қоры негізгі әлемдік нарықтан шалғайда орналасқандықтан оны шетелдерге тасымалдау мүмкіндігін арттыру - Қазақстан үшін айрықша маңызды ". "Магистралдық мұнай құбырлары арқылы Қазақстан 2003-жылы жалпы көлемі 310 млн. баррель мұнай, жылына 5 млрд. текше метр газ тасымалдаса, транзиттік құбырлармен 110 млрд. текше метр газ тасымалданады",- деп хабарлады Л.Қиынов. Қазақстан аумағында үш мұнай өңдеу, үш газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Зауыттардың жалпы мұнай өңдеу қуаты тәулігіне 376 баррель болса, газ өңдейтін зауыттардың қуаты 15,1 млрд. текше метрді құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін