Жарияланды: 610

Елімізде несиені онлайн беретін робот жасалды

Елімізде несиені онлайн беретін робот жасалды

Бүгінде технологияның қарыштап дамыған дәуірінде интернет арқылы несие алу Қазақстанда кеңінен таралып келеді.

Десек те, онлайн-қарызды интернет-роботтың рәсімдегенін көрген жандар кемде-кем. Бүгін біз сіздерге «Робот Займер» (Zaimer.kz) сервисін мысалға келтіре отырып, кредитті онлайн режимде беретін автоматты жүйенің кезеңдері туралы әңгімелеп береміз, деп хабарлайды BNews.kz.

Сонымен онлайн қарыз деген не? Онлайн-қарыз –аптаның кез келген күні мен кез келген уақытта үйден шықпай-ақ қарызға алуға болатын ақша. Ол үшін жаныңызда интернет, банк картасы мен ұялы телефоныңыз болса жеткілікті. Сервис сайтында шағын ғана сауалнаманы толтырғаннан кейін, онлайн-құлтемір қарыз алушының төлем қабілеттігін тексеріп, шешім қабылдап, клиентттің есепшотына қажетті соманы автоматты түрде аударады.

Жаңа жүйе толықтай автоматтандырылған, сайтқа тіркелген сәттен ақша түскенге дейінгі барлық процесс небәрі 4 минутқа созылады. Онлайн-робот тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн үзіліссіз, демалыссыз әрі мереке күндері де жұмыс істей береді. Киленттен өтінім қабылданғаннан кейін бағдарлама клиенттің сауалнамаға енгізген мәліметтерін өз бетінше мұқият талдап, жан-жақты тексереді. Скорингтік жүйе клиент енгізген мәліметтерді көшіріп, 1800 параметр бойынша талдау жүргізеді. Соның ішінде қарыз алушының тұрғылықты мекенжайы, отбасы құрамы, табыс деңгейі және тағы басқасы бар. Сондай-ақ «Займер» клиенттің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жүргізілген талдауға да жүгінеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть