Елімізде орташа жалақы 160 мың теңгеден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде орташа жалақы 160 мың теңгеден асты

Елімізде орташа жалақы 160 мың теңгеден асты

Қазақстандықтардың жалақысы рекордтық көрсеткішке жетті

  • 6 Ақпан 2018
  • 149
Фото - Caravan.kz


Өткен жылдың қазан-желтоқсан айларында елдегі орташа жалақы рекордтық көрсеткішке жеткен. Ол 163 725 теңгені құрады, деп хабарлады Astanatv.kz

Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар бұрын-соңды мұндай жалақы алмаған. Өткен жылғы айлық өсімі әртүрлі. Ал еңбекақының 4-ші тоқсанда өсуі маусымдық жұмыстармен байланысты көрінеді. Жылдық орташа жалақы 150 мың теңге шамасында. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары. Былтыр жылдық инфляция көлемі 7 пайызды құрады. Демек, жалақы өсімі бағалар өсімінен төмен. Сондықтан жұрттың әл-ауқаты жақсармай отыр. Ал табысты сала көрсеткішінде өзгерістер бар. Өткен жылдың 4-ші тоқсанында қаржы, сақтандыру саласындағы қызметкерлердің орташа айлығы 316 мың теңге болған. Ал жалақы ең аз салалар — білім мен ауыл шаруашылығы. Айлық 100 мың теңгенің о жақ бұ жағында.  

 

Соңғы жаңалықтар