Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 қарашада 20 сағат 35 минутта Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Шымкент-Самара тас жолының 220 шақырымында «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-21013» көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан «ВАЗ-21013» көлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; Шетелдік көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Қызылорда-Жалағаш тас жолының 69-шы шақырымында «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен аты-жөні анықталмаған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Сонымен бірге Қарағанды облысының Баймырза ауылында Алматы-Екатеринбург тас жолының 1081-ші шақырымында «Тойота» көлігінің жүргізушісі «Фольксваген» көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан «Фольксваген» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, оның жолаушысы ауруханаға жеткізер жолда қайтыс болды; «Фольксвагеннің» басқа жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қарашада 02 сағат 31 минутта Алматыда «Мерседес» көлігінің жүргізушісі бетон қоршауға соғылды. Апат салдарынан көлікте отырған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті