Елімізде "Протонның" құлау себептерін зерттеу және экологиялық шығынды бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Протонның" құлау себептерін зерттеу және экологиялық шығынды бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды

Елімізде "Протонның" құлау себептерін зерттеу және экологиялық шығынды бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Елімізде "Протон-М" зымыран тасығышының құлау себептерін зерттеу және апат салдарынан келген экологиялық шығынды бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлады премьер-министр Кәрім Мәсімов.

  • 6 Қыркүйек 2007
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Бүгін мен үкіметтің қаулысына қол қойдым, соған сәйкес, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпуновтың басқаруымен аталмыш оқиғаның себеп-салдарын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды «, — деді К. Мәсімов бүгін журналистерге берген сұхбатында.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, қазір зымыран құлаған жерде тексерулер жүргізіліп жатыр. «Республикамызға келген экологиялық шығынның орны толықтай толтырылады», деп сендірді ол.

К. Мәсімовтың атап көрсетуінше, қазір «жағдай бақылау астында».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті