Елімізде қағаз өнімін өндіретін 300-ге жуық кәсіпорын бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қағаз өнімін өндіретін 300-ге жуық кәсіпорын бар

Елімізде қағаз өнімін өндіретін 300-ге жуық кәсіпорын бар

Бүгін елордада «Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және қаптама индустриясын дамыту» республикалық І форумы өтіп жатыр. Форум барысында целлюлоза-қағаз саласына қатысты сұрақтар талқыланып, осы салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлер дипломмен марапатталды.

  • 29 Мамыр 2019
  • 105
Фото - Caravan.kz

«Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі – целлюлоза, қағаз, картон, қағаз-картон өнімдерін алудың технологиялық процестерін біріктіретін орман кешенінің жетекші салаларының бірі. Еліміздің орман секторының экономикалық әлеуеті пайдаланылып отырған жоқ. Орман секторының дамуы целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің жағдайымен өлшенеді. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің комбинаттары ғана ағаштың бүкіл биомассасын өндіреді және жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығарады», — дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Оның айтуынша, қағаз және қағаз өнімдерін өндіретін 300-ге жуық кәсіпорын бар. «Өнеркәсіп экономикасы жылдан-жылға дамып келеді. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы өндіріс 5% артып, 58 миллиардтан астам теңгені құраған.

«Қаптама – тауардың келбеті. Тауардың қаптамасы сатып алушының көзіне қаншалықты әдемі, тартымды болып көрінсе, соншалықты ол сол өнімді сатып алуы мүмкін. Тауардың қаншалықты қажет екеніне емес, қаптамасының қаншалықты көңілінен шығатынына қарап-ақ сатып алатын тұтынушылар бар», — дейді Жансейіт Түймебаев.

Қазақстанда ғана емес, Орта Азияға танымал «Қазақстан қағазы» компаниясының өкілі Ержан Серікұлы 800 адамды жұмыспен қамтып отырғандарын айтты.

«Қазақстан қағазы» Акционерлік қоғамының бағыттарының бірі – Kagazy Recycling зауыты. Бұл зауыт – пайдаланылған шикізаттан қағаз дайындайтын жалғыз өндіріс орны. Бұл зауыт айына 5 тонна, ал жылына 60 тонна макулатура жинайды. Яғни 500 мың ағашты кесілуден қорғайды. Біз қала тұрғындарынан макулатура жинаймыз. Мысалы, Алматыда макулатура қабылдайтын 30 пункт бар. Біз тұрғындарға «Макулатура ғана қабылдаймыз, қалған қоқыстарыңды алып кетіңдер» деп айта алмаймыз, сол себепті полигонға апаруға тыйым салынған құмыра, әйнек, полиэтилен түрлері сияқты тұрмыстық қалдықтарды да қабылдай береміз», — дейді Ержан Серікұлы.

Оның айтуынша, былтырдан бастап Алматы қаласында Экомобиль жобасы жүзеге асырыла бастаған.

«Аз ғана тиын-тебен үшін 10-20 келілік макулатуралы қабылдау пункіне апарғысы келмейтін адамдар бар. Бұл жоба соларға арналған. Макулатурасы бар тұрғындар 21-04 нөміріне хабарласып, арнайы көлікті үйлеріне шақыра алады. Жүргізуші-жүк тасушы макулатураны үйіңізге келіп алып кетеді және ақыңызды төлейді», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар