Жарияланды: 500

Елімізде "Қазақстан экономистерінің қауымдастығы" атты жаңа қоғамдық қор құрылды

Елімізде "Қазақстан экономистерінің қауымдастығы" атты жаңа қоғамдық қор құрылды. Бұл туралы бүгін, 11-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында ұйымның негізін қалаушылар хабарлады.

Қауымдастық әділет басқармасында 2003-жылдың 22-мамырында тіркеліп, президенттікке экономика ғылымдарының докторы Жаннат Ертілесова, қордың қамқоршылар кеңесінің төрағасына экономика ғылымдарының докторы Арыстан Есентүгелов сайланды. Ж.Ертілесованың айтуынша, қауымдастық жұмысының басты мақсаты - экономика саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерге ықпалдастық жасау, қолданбалы экономикалық зерттеулер мен болжамдардың обьективтілігін күшейту, жас экономистердің кәсіптік өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ, жұртшылықтың экономика жөніндегі хабардарлық деңгейін арттыру болып табылады. Қоғамдық қорды құрушылардың пайымдауынша, "қазіргі таңда Қазақстанда экономикалық ғылым мен кәсіби экономистерді дайындау деңгейі әлемдік экономикалық қағиданың қазіргі заманғы ағымдары мен экономикалық реформалардың жаңа кезеңінің мақсат-міндеттеріне көп жағдайда сәйкеспейді". Қор жұмысы гранттар мен қайырымдылық қаржысынан, қор құрылтайшыларының жарнасынан қаржыландырылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть