Елімізде құрылыстың сапасына шенеуніктер емес, енді кәсіпкерлер жауап береді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде құрылыстың сапасына шенеуніктер емес, енді кәсіпкерлер жауап береді

Елімізде құрылыстың сапасына шенеуніктер емес, енді кәсіпкерлер жауап береді

Мемлекет органдар құрылыстың сапасына жауапкершілік алудан бас тартты. Салынып біткен тұрғынүй мен коммерциялық ғимараттарды қабылдап алатын комиссиялар таратылып жатыр. Енді нысанның құлап қалмасына құрылыс компанияларының өздері жауап береді.

  • 23 Қаңтар 2016
  • 216
Фото - Caravan.kz

Мұндай талап күшіне енген сәулет құрылысы туралы заңда жазылған. Осы құжат бойынша, құрылыс компанияларының басшылары мемлекеттік қабылдау комиссиясының алдында есеп бермейді. Енді дайын ғимараттың пайдалануға берілуіне кәсіпкерлердің өздері жауапты. Ал құрылыс апасыз жүргізіліп, мерзімінен кешіксе, компаниялар лицензиясынан айрылады. Тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Төлеген Кұлышев,  Астана қалалық мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасының басшысы:

Осыған дейін мораторийге байланысты тексере алмадық. Енді барлығы заңмен реттеліп отыр. Жекеменшік компаниялар таңнан кешке дейін құрылыс алаңында жүреді. Сондықтан  сапаға солардың жауап беруі дұрыс.