Елімізде қыркүйекте азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,3 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қыркүйекте азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,3 процентке арзандады

Елімізде қыркүйекте азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,3 процентке арзандады

Елімізде қыркүйекте азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,3 процентке арзандады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 25 Қыркүйек 2003
  • 664
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне жүгінсек, азық-түлік өнімдері бағасының индексі қыркүйек айының үш аптасында 99,7 процентті құрады.

Ет өнімдерінің бағасы 0,4%-ке қымбаттады. Өткен айда республика бойынша бір кило қой етінің орташа бағасы 380 теңгені құрады, бұл өткен жылғыдан 31 теңгеге (8,9%-ке) қымбат, ал сиыр етінің бағасы 17 теңгеге қымбаттап 317 теңгені (5,7%-ке артық) құрады. Ал бидай ұнынан жасалған нан бағасы 1,4%-ке, бидай ұнының бағасы 1,5%-ке, сүт өнімдерінің бағасы 2,5%-ке қымбаттады. Осы айдың ішінде мал майының бір килограммының бағасы 1,5%-ке қымбаттап, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 8,7%-ке, немесе 29 теңгеге артты. Жұмыртқа өнімдерінің бағасы 8,9%-ке өсіп, бұл салада бағаның ең жоғарғы өсімі байқалды.
2003-жылдың қыркүйек айында жеміс және көкөніс өнімдерінің бағасы 7,5%-ке арзандады. Осы айда сәбіз бағасы 11 теңгеге арзандап, бір килосының салмағы 40 теңгені, ал қызылшаның бағасы 8 теңгеге арзандап 42 теңгені, картоп бағасы 5 теңгеге арзандап 31 теңгені құрады. Бір кило алманың бағасы 94 теңге шамасында тұрақтады. Бұл өткен жылғы қыркүйек айындағы көрсеткіштен 13 теңгеге қымбат. Ал қанттың бағасы 2,8%-ке, жаңа балықтың бағасы 1,1%-ке арзандады.

Соңғы жаңалықтар