Елімізде сәлемдеме алу жеңілдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сәлемдеме алу жеңілдеді

Елімізде сәлемдеме алу жеңілдеді

Елімізде сәлемдеме алу жеңілдеді. «Қазпошта» бұрын соңды болмаған жаңа қызмет түрін ұсынып отыр.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 202
Фото - Caravan.kz

Сәлемдемелерді арнайы постаматтар арқылы жіберу көптеген мемлекеттерде бұрыннан бар. Мүмкіндігі көп жаңа технология Қазақстанға енді жетті. Бұдан-былай «Қазпоштаға» барып кезекке тұрудың қажеті жоқ. Сәлемдеме алатын қондырғы ақша алатын банкомат секілді. Ол халық көп жүретін қоғамдық орындардың маңайына қойылады. Әзірге постоматтар Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларында орнатылмақ. Егер қондырғылар өзін ақтаса барлық өңірлерге жеткізіледі. Ал, сәлемдеме үшін төленетін ақша де осы постамат арқылы іске асады. 


Мұрат Жарылқағанов, «Қазпошта» АҚ төрағасының орынбасары:

-Алдымен сәлемдеме жіберушінің телефонына смс хабарлама келеді. Онда сәлемдеменің коды мен бағасы, жәшіктің нөмері көрсетіледі. Қондырғыға жақындап, кодты басса, жәшіктің есігі ашылады. Ішінде біздің қызметкерлер алдын ала салып қойған сәлемдеме жатады. Біз жоғарыда аталған 3 қалаға таяу күндері 18 постаматты орнатып шығамыз.