Елімізде салынған ең қымбат нысан - Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті екен - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде салынған ең қымбат нысан - Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті екен

Елімізде салынған ең қымбат нысан - Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті екен

Елімізде 2013-інші жылы салынған ең қымбат құрылыс нысандарының тізімі жарияланды. Бірінші орынды Астанадағы ең үлкен әрі әдемі күмбезді Әзірет Сұлтан мешіті иеленепті.

  • 16 Тамыз 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz


Айта өтейік, мешіттің ішіндегі Құран сүрелері алтынмен өрнектелген. Мешіттің алдыңғы жа­ғының қабырғалары табиғи тастармен әрлендіріліп,  күмбездері металмен көм­керіле өрілген. Ал құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізіліпті. Осының бәріне 12,7 миллард теңге жұмсалған. Мешітпен бірге қымбат нысандар тізіміне Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарындағы жекеменшік мұнай бұрғылау скважиналары да еніп отыр. Сондай-ақ Астананың жолдарын жөндеуге кеткен шығын да шаш етектен. Бір төсеген жолды жылына бірнеше рет қайта жасайтын шенеуніктер тек жарты жылдың ішінде бақандай 11 млрд. теңге жұмсаған. Ал, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандар арзанқол құрылыс болыпты. Мысалы, Алматы, Астана қалаларындағы 1200 орындық мектеп пен 800 орындық балабақша бар-жоғы 1 жарым млрд. теңгеге салынған.