Жарияланды: 490

Елімізде санаткерлік меншікті қорғауға бағытталған "Зерде" атты шара өткізілуде

Қазанның 6-23 аралығында елімізде "Зерде" атты шара өткізілуде. Шара аясында санаткерлік меншікті заңдық тұрғыда қорғауға, сондай-ақ, осы саладағы заң бұзушылықтың алдын алуға арналған насихат жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін, 6-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрайымы Нұрғайша Сахипова хабарлады.

Шараға ҚР ІІМ-нің, қаржы полициясы агенттігінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, авторлық және қосалқы құқық иелері мен патент өкілдері қатысады. "Шара аясында еліміздің барлық облыстары орталығында патенттік және авторлық құқықтың бұзылуына, тауарлық белгіні, авторлық және қанаттас құқық нысандарын заңсыз пайдалануға қатысты ақпараттар беруге арналған сенім телефоны желісі жұмыс істейді",- деді ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрайымының орынбасары Азамат Әмірғалиев. Алматы және Ақтауда -073, Астана мен басқа облыстар орталығында 119 санды сенім телефондары арқылы хабарласуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін