Елімізде Су-27 атқыш ұшағы апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Су-27 атқыш ұшағы апатқа ұшырады

Елімізде Су-27 атқыш ұшағы апатқа ұшырады

Түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиға болып, Су-27 ұшағы апатқа ұшырады.

  • 22 Желтоқсан 2016
  • 1457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

"Бүгін, 21 желтоқсанда түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиғаның салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор А.Ысқақов бар мүмкіндігін салды және ұшақты елді мекеннен алшақ алып кетіп, катапульталанды", — делінген министрліктің ресми пікірінде.

Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның себебі мен мән-жайын ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов тағайындаған комиссия анықтап жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар