Елімізде тағы бір отандық «Эйр Қазақстан» әуе компаниясы құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тағы бір отандық «Эйр Қазақстан» әуе компаниясы құрылмақ

Елімізде тағы бір отандық «Эйр Қазақстан» әуе компаниясы құрылмақ

Елбасы «Бомбардьер» компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметіне

  • 26 Ақпан 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің перспективалары, атап айтқанда, елдегі көлік қызметінің аясын кеңейту жайы талқыланды.
Мемлекет басшысы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы соңғы кездесуден кейін көлік саласында тығыз ынтымақтастық орнату жөнінде қазірдің өзінде нақты жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
«Біз «Бомбардьер» тәрізді белгілі компанияның Қазақстан нарығына келуіне мүдделіміз. Осыған байланысты тағы бір отандық «Эйр Қазақстан» әуе компаниясын құруды жоспарлап отырмыз, ол бастапқы кезеңде ішкі рейстерді орындайтын болады. Өзіңіз де білетіндей, біз сондай-ақ BAE Systems-мен бірлесіп «Эйр Астана» әуе компаниясын құрдық. Басқарудың мұндай тәжірибесін жаңа компания құру кезінде де пайдалануға болады. Авиация саласындағы ынтымақтастықпен қатар, бізге көлік саласының өзге секторларындағы жобалар да қызықты. Бұдан бөлек, елімізде отандық ұшқыштар, техникалық қызмет көрсету орталықтары үшін мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық аса маңызды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті әлдеқайда тығыз ынтымақтастық үшін республикамызда компания өкілдігін ашу және өңірлік деңгейде бірлескен қызметке шығу қажеттігіне тоқталды.
«Бомбардьер» компаниясының басшысы кездесудің көлік саласындағы түрлі бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды екенін айтты. 
«Біз көлік қызметінің сапасын арттыру және жалпы Қазақстанның көлік саласын жақсарту үшін бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Авиациялық техниканы тасымалдау — біздің бірлескен қызметіміздің аз ғана ғана бөлігі екеніне сендіргім келеді. Біз өз технологияларымызды енгізуді әрі өзіміздің мол тәжірибемізді қолдануды да жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, Қазақстан ұшқыштарын оқытып, ұшақтарға қызмет көрсететін сервистік орталықтар құрып, осы арқылы Қазақстанмен ұзақмерзімді перспективада жұмыс жүргізетін боламыз», — деді П.Бодуэн.