Елімізде тағы бір жаңа әуе компаниясы құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде  тағы бір жаңа әуе компаниясы құрылмақ

Елімізде тағы бір жаңа әуе компаниясы құрылмақ

Елімізде «Эйр Қазақстан» деп аталатын жаңа әуе компаниясы құрылмақ. Әзірше ол ішкі тасымалмен айналасатын болады. Ал компания шетелдік инвестордың басқаруына берілмекші.  

  • 27 Ақпан 2014
  • 184
Фото - Caravan.kz


Оған қожалық етуге әлемге әйгілі канадалық «Бомбардьер» компаниясы ниет танытып отыр. Оның басшысы Пьер Бодуэн бүгін Ақордада Елбасымен келіссөз жүргізді. «Бомбардьер» нарыққа енсе, ішкі рейстердің құны біршама арзандауы мүмкін. Оның үстіне авиация саласын меншіктеп алған «Эйр-Астанаға» нағыз бәсекелес табылады. Ал шетелдік компанияның жоспары ауқымды. Елімізге ұшқыштар әзірлеуге де көмектесіп, бұл салаға жаңа технологияны ендірмек.