Елімізде тәулік ішінде өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 2 сәби газға уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тәулік ішінде өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 2 сәби газға уланды

Елімізде тәулік ішінде өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 2 сәби газға уланды

Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Кондратовка ауылында жекеменшік үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

  • 4 Мамыр 2014
  • 278
Фото - Caravan.kz


Тілсіз жау жергілікті тұрғындардың көмегімен ауыздықталды. Өрт шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан газға уланған 2011 және 2010 жылғы екі бала ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ Алматы облысы Қарасай ауданынында «Таң-2030» саяжай қауымдастығының №16 учаскесінде пештен ақау шығып, өрт болды. Улы газ салдарынан екі адам: 1949 жылғы және 1969 жылғы ер адамдар оқиға орнында көз жұмған.