Елімізде тұңғыш рет «Еуразия барысы» турнирі өткізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тұңғыш рет «Еуразия барысы» турнирі өткізілмек

Елімізде тұңғыш рет «Еуразия барысы» турнирі өткізілмек

«Қазақстан барысының» көкжиегі кеңейе түсті. Енді елімізде тұңғыш рет «Еуразия барысы» турнирі өткізілмек. 

  • 6 Қараша 2013
  • 257
Фото - Caravan.kz

Дүбірлі дода 7-ші желтоқсанда Таразда өтеді. Әулиеата жеріне 8 мемлекеттің құрамасы келуге ниет білдіріпті. Моңғолия, Қытай, Иран, Польша мен Ресейдің  білекті жігіттері бозкілем үстінде өзара мықтыны анықтамақ. Жарыстың жүлде қоры — 80 мың доллар. Бұл турнирге бұған дейін «Қазақстан барысында» топ жарған 5 балуан қатысуға өтініштерін тапсырған. Олардың арасында көпке танымал Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров сынды дүлдүлдер бар. Сондай-ақ жарысты әлемдік арналар 120 мемлекетке тікелей эфир арқылы таратпақ. 


Арман Шораев, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының  төрағасы:

— Біздің көрсетілімге Түркияның атақты ТРТ спорт деген арнасы қатыспақ. Ол бүкіл Азияны, Африканы, Араб елдерін қамтиды, Европаны айтпағанда. Сондықтан алдымызға қойған мақсатымыз — қазақ күресін бүкіл әлемге таныту жұмысы әлдеқайда жақсы болады деймін. 2-3 жылдың ішінде тек «Еуразия барысы» емес «Әлем барысын» өткізетін жағдайға келеміз деп ойлаймын.