Мына орта жастағы азамат баспанасын бірнеше жыл бойы жеңіл жүріспен айналысқан өрімдей қыздарға жалға беріп келген. Пәтер иесі үй-жайынан заңсыз пайда ғана емес, оны жеңіл жүрістілердің ордасына айналдыру арқылы да табысын еселегісі келгенге ұқсайды. Енді сот алдында жауапқа тартылған ол қомақты айыппұл төлейтін болды. Айта өтейік, елордалық полицейлер пәтерін жезөкшелерге берген дәл осындай 12 деректі анықтап отыр. Олардың көбін «Астана теміржол возкзалының» төңірегінен анықтаған.