Елімізде үй бағасы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде үй бағасы қымбаттады

Елімізде үй бағасы қымбаттады

Қол жеткізбей қымбаттап жатқан «Қолжетімді баспана»! Бүгін Үкімет арзан бағамен сатылады деген үйдің құнын тағы шарықтатып жіберді.

  • 5 Сәуiр 2014
  • 211
Фото - Caravan.kz


Биылдан бастап баға қымбаттап, әр шаршы метрге орта есеппен 10 мың теңгеден қосылып отыр. Мәселен, Атырау, Өскемен және Ақтауда мемлекет ақшасына салынған үйдің шаршы метрі 110 мың теңге, ал  өзге өңірлерде  90 мың теңгеге жеткен. Пәтерлер мұндай бағамен тек «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріледі. Ал, Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы  алсаңыз,  одан да қымбат. 20 мыңға дейін көтерілген.  Астана мен Алматыда баға өзгеріссіз, 120 мың теңге болып қала бермек.  Ал Өңірлік даму министрлігі егер құнды көтермесе, «Қолжетімді баспана» бағдарламасының  құрдымға кететінін айтады.