Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың жаңа қауымдастығы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың жаңа қауымдастығы құрылды

Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың жаңа қауымдастығы құрылды

Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың жаңа қауымдастығы құрылды. Осындай шешім 16-17-қаңтарда өткен Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының құрылтайында қабылданды. Құрылтай "Азаматтық қоғам белсенділерінің форумы" деген тақырыппен өткізілген болатын. Бұл туралы бүгін, 21-қаңтарда шара қорытындысына орай Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында оған қатысушылар мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 596
Фото - Caravan.kz

Құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі, «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәметкен Аленованың хабарлауынша, шараға еліміздің барлық аймақтарынан 170 ұйымның өкілі қатысқан. Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың жаңа қауымдастығын құру туралы шешім бір дауыстан қабылданған. «Біз осылайша бірігу арқылы әлдекімге қарсы тұруды емес, бұған дейін түрлі қауымдастықтарға бірікпеген үкіметтік емес ұйымдардың пікір-көзқарасын паш етуді көздейміз»,- деді ол.

Жаңа бірлестікке қатысушылардың айтуынша, ұйымның басты мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың елімізде азаматтық қоғам қалыптастыруға деген күш-жігерін біріктіру болмақ. Бірлестік Қазақстан заңдарына қоғамдық бірлестіктерге қатысты өзгертулер енгізуге де қол жеткізбек ниетте. «Қазақстан әйелдері» қозғалысының төрайымы Бахытжамал Бектұрғанованың пікірінше, қоғамдық ұйымдар «мемлекет функцияларының бір бөлігін өз еркімен» мойнына жүктеп алғанына қарамастан, «мемлекет қазір үкіметтік емес ұйымдарды өз кеңесшісі немесе көмекшісі ретінде тани алмай отыр». Қазір олар шағын несиелер тарату, халықты әлеуметтік қорғау бағытындағы жобаларды жүзеге асыру жұмыстарымен айналысуда.
Қазіргі қоғамдық ұйымдар әсіре саясиланып кеткен дегенге Б.Бектұрғанова сенімді. Оның пайымдауынша, үкіметтік емес ұйымдар «билікке жетуді мұрат тұтпайды». Қоғамдық ұйымдар белгілі бір мақсатты топтың мүддесін қорғау арқылы ғана саяси шешімдердің қабылдануына ықпал жасайды.
«Қазақстанның бейресми ұйымдарының форумы» деген атауға ие болған жаңа ұйым мемлекеттік құрылымдармен, сондай-ақ, басқа да үкіметтік емес ұйымдардың қауымдастығымен байланыс орнатпақшы.
Қазір Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың бірнеше қауымдастығы тіркелген. Олардың арасындағы ең ірісі Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың Конфедерациясы болып табылады. Жалпы еліміз бойынша бірнеше мың қоғамдық бірлестіктер тіркелген, олардың арасынан нақты іс тындырып отырғандары бір жарым мыңнан асады.

Соңғы жаңалықтар