Елімізде Украинадан құс етін тасымалдауға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Украинадан құс етін тасымалдауға тыйым салынды

Елімізде Украинадан құс етін тасымалдауға тыйым салынды

Украина мен Ресейден тасымалданатын тауық етінен қауіпті вирус анықталды. Енді елімізге бұл мемлекеттерден құс етін импорттауға уақытша тыйым салынбақ.

  • 21 Тамыз 2013
  • 359
Фото - Caravan.kz


Отандық мамандар сауда сөрелерінде самсап тұрған шетелдік өнімдерді жаппай тексеріп шығыпты. Нәтижесі жаға ұстарлық. Мәселен, Украинадан келетін тауық етінінің құрамының 25 пайызы су болып шыққан. Талап бойынша ол 4 пайыздан аспауы тиіс. Ал, Ресейлік тауықтың санынан 80-нен астам иненің ізі анықталыпты. Ең сорақысы, екі елден де тасымалданған құс еттерінде ішек құртын қоздыратын таяқшалар толып жүр. Шетелдік өндірушілер техникалық талаптарды да пысқырмайды екен. Сапасыз тауарлардың қаптамасында не мемлекеттік тілде ақпарат, не өндірілген күні мен жарамдылық мерзімі де көрсетілмеген. Әзірге Украиналық өнімге уақытша тыйым салынып отыр. Ал ресейліктерге қатаң ескерту жасалған. Егер олқылықтар дереу жойылмаса, тыйым түбегейлі болуы мүмкін. Жалпы, Қазақстанға құс етін тасымалдауға 30 жуық шетелдік кәсіпорын құқылы екен.