Елімізде ұн мен күріш бағасының қымбаттауы мүмкін бе - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ұн мен күріш бағасының қымбаттауы мүмкін бе

Елімізде ұн мен күріш бағасының қымбаттауы мүмкін бе

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 12 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында егіс алқаптарының қысқаруына қарамастан, қазақстандықтардың отандық ұн және күрішпен толық қамтамасыз етілетінін айтты

  • 12 Мамыр
  • 9
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азат Сұлтановтың сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі ұн мен күріш тапшылығы болады деп болжам жасап отырған жоқ. Сондықтан бұл өнімдердің бағасы қымбаттайды деген қауіп те жоқ.

«Қазақстанда жыл сайын 20 миллион тоннадан астам бидай өсіріледі. Оның 7 миллион тоннасы ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл көлем ұн, нан және макарон өнімдеріне толық жетеді. Тағы 2 миллион тоннасы тұқым қорына қалдырылады, ал қалған бөлігі экспортқа шығарылады. Яғни ішкі нарық толық қамтамасыз етілген және алдағы уақытта да солай болады. Ұн мен нан бағасының өсуіне негіз жоқ», – деді вице-министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, елімізде күріш тапшылығының да қаупі жоқ.

«Қызылорда облысының жаңа әкімі Үкімет отырысында биыл күріш егілетін алқап көлемі 70 мың гектар болатынын баяндады. Тіпті осы алқаптан ең төмен өнім алынған күннің өзінде, бұл ішкі сұранысты толық жабуға жеткілікті болады. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ», – деп атап өтті Азат Сұлтанов.