ТЖ министрлігінің хабарлауынша, күшті жел мен қалың қар салдарынан жолдарда көру мүмкіндігі нашарлаған. Соған байланысты таңғы сағат төрт жарымда «Алматы-Ташкент» тас жолының 526-шы және 593-ші шақырымдары аралығы жабылды.
Ал, Ақмола облысында боран соғып, жол көрінбей қалғандықтан таңғы сағат 11-ден бастап «Астана-Астрахань» тас жолымен жолаушылар мен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды.
Сонымен қатар, таңғы сағат 11:33-те көліктердің Астанадан шығуына шектеу қойылды.
Астана полициясы қала көшелеріндегі қозғалысты бақылауды күшейтті.