Еліміздегі кейбір кен орындары басқа инветорларға берілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі кейбір кен орындары басқа инветорларға берілуі мүмкін

Еліміздегі кейбір кен орындары басқа инветорларға берілуі мүмкін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды

Оның айтуынша, Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген

  • 20 Ақпан 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Талдау барысында уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады,

— дейді Роман Скляр.

Жол картасы аясында тоқтатылатын шарттар мен лицензияларды анықталып, хабарламалар жіберіледі.

Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орындарын жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Онда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну барлық мүдделі инвестордың қатысуына тең мүмкіндік береді.

Аукциондарды өткізу туралы ақпарат міндетті түрде мемлекеттік органдардың интернет ресурстары мен республикалық басылымдарда жарияланады.


Қабылданып жатқан шаралар жер қойнауын пайдалану саласына, сонымен қатар қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестиция ағыны ұлғаятыны хабарланды.