«Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы өзіне тиесілі «Qazaq Air» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Сауда-саттық екі кезеңде ашық конкурс бойынша өтеді. Акциялардың бастапқы/ең төменгі бағасы — 10,2 млрд теңге.
Конкурстың 1-кезеңінде конкурстық өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 қыркүйекте аяқталады. Ал 2-кезең бойынша Конкурстың қорытындылары 2023 жылдың 15 желтоқсанында жасалады.