Еліміздегі шахталарға күндіз-түні тексеру жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі шахталарға күндіз-түні тексеру жүргізіледі

Еліміздегі шахталарға күндіз-түні тексеру жүргізіледі

Еліміздегі барлық шахталар қатаң тексеруге алынады. Үкімет мұндай қадамға Түркиядағы апаттан соң барып отыр. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі сақтық шараларын күшейткен. Ал, шахталардың өздерінде күні-түні құтқарушылар рейд жүргізбек. 

  • 20 Мамыр 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz

Айта өтейік, Түркияның Сома қаласындағы көмір кенішінде жарылыс болып, апаттан 301 адам қаза тапқан. Екі шақырым тереңдікте трансформатор жарылған кезде лифттер мен желдеткіш жүйелер істемей, кеншілер тұншығып қалды. Енді еліміздегі шахталарда осындай апат болмас үшін министрлік газ құбырларын бақылайтын қондырғы орнатып, құтқарушыларды да сол техникамен жұмыс істеуге үйретпек.


Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

-Өмірімде Түркиядағыдай апатты бірінші рет көріп отырмын. Мұндай біздің елде қайталанбас үшін барлық кен орындарын тексеруге кірістік.