Еліміздің 16 өңірінде сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 16 өңірінде сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтті

Еліміздің 16 өңірінде сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтті

Астана. 5 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі жарлығына сәйкес, еліміздің 16 өңірінде 4 қазан күні сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2008
  • 616
Фото - Caravan.kz

Сайлау туралы заңға сәйкес, таңдаушылардың бірлескен отырысы, егер оған тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарының, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттары депутаттарының елу пайызынан астамы қатысса, өткiзiлген болып есептеледi.

Республикада әртүрлі деңгейдегі 213 мәслихат бар. Мәслихаттардағы 3335 депутаттық мандаттардың бүгінгі күні 24-і — бос. Сөйтіп, таңдаушылар тізімдеріне барлығы 3311 адам енгізілді.

Дауыс беру бюллетеньдеріне Сенат депутаттығына кандидат етіп тіркелген 37 үміткердің аты-жөні енгізілді.

Еліміздің барлық өңірлерінде сайлау баламалы негізде өтті.

Астана уақыты бойынша сағат 10-дағы жағдай бойынша, таңдаушылардың отырыстары Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында ашылған. Бұл өңірлерде отырысқа таңдаушылардың Астанада — 100%, Алматыда — 97,1%, Алматы облысында — 96,7%.

Астана уақыты бойынша сағат 11-де таңдаушылардың отырыстары Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында басталды.

Астана уақыты бойынша сағат 12-де Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарында таңдаушылардың отырыстары ашылды.

Таңдаушылардың отырыстары қалыпты, тыныш және іскерлік жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары мен жергілікті билік органдары қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларды қабылдады.

Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлау процесіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен шағымдар мен өтініштер де болған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар