Еліміздің алты облысы жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің алты облысы жарықсыз қалды

Еліміздің алты облысы жарықсыз қалды

Бүгін таңғы сағат 9:22-де Екібастұз-Ағадыр 500 кВ Л-7170 электр беру желісі ажыратылды.

  • 13 Ақпан 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында 600 МВт, шамамен тұтынушылардың 10%-ы жарықсыз қалған.

"Зақымдану орнын анықтау үшін «KEGOC» АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды.


Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде", – делінген хабарламада.