Еліміздің барлық республикалық жолдары ашық - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің барлық республикалық жолдары ашық

Еліміздің барлық республикалық жолдары ашық

Бүгін Қазақстан аумағындағы барлық республикалық жолдар ашық. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметінде хабарланды.

  • 20 Желтоқсан 2013
  • 263
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетейік, кешегі боранға байланысты еліміздің бірқатар өңіріндегі жолдарда көлік қозғалысы шектелген болатын. Қазіргі кезде бұл жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.

 «Қазақавтожол» РМК-ның облыстық филиалдарының арнайы қар тазалау техникалары жұмылдырылып, жол бойында кезекшілік жасауда.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.