Еліміздің бас санитар дәрігері ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бас санитар дәрігері ауысты

Еліміздің бас санитар дәрігері ауысты

Денсаулық сақтау саласында жаңа тағайындаулар! Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне бұдан былай Айжан Есмағамбетова жетекшілік ететін болады. 41 жастағы жаңа басшы 9 жылдан бері осы салада түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

  • 27 Тамыз 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz


Ал, бұған дейін 2 жыл бас санитар дәрігер болған Жандарбек Бекшин көктемде аттестациядан сүрінген еді. «А» корпусына өтпей қалған шенеунік қыркүйектің соңына дейін креслосын босатуы тиіс. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ол мерзімді аяғына дейін күтуді жөн санамапты. Әзірге Бекшиннің қандай қызметке кеткені белгісіз. Естеріңізге салсақ, Жандарбек Бекшинмен бірге тестілеуден 8 комитеттің төрағасы да сүрінген болатын. Жалпы биылғы күзде әкімдіктер мен ведомстволарда бірден 155 орын босағалы отыр.