Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады - Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады - Қазгидромет

19 қаңтарда еліміздің көп аймақтары фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек батыста және оңтүстік-шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

  • 19 Қаңтар 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz


Қостанай облысында боран соғып, тұман түседі, күндіз желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасындатып жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында жаяу бұрқасынмен жел күшейеді (15-20 м/с).
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, күндіз жаяу борасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Шығығс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.