Әр шаңырақ қазан көтеріп жарымжан жандарға қайыр-садақа үлестіреді. Бұрын бұл мейрамда ауылдарда ірі жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Бұл дәстүрді биыл ақтөбеліктерде жаңғыртпақ болыпты.Мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырды. «Жыл басын жақсылық жасап қарсы алу керек» деп ұғынған жұрт мүгедектердің қолынан шыққан бұйымдарды жаппай сатып алып жатыр. «Көрісу-тек дастархан жайып, құрмет көрсету ғана емес, қайырымдылық пен достықты дәріптейтін мереке» дейді жергілікті тұрғындар.