Жарияланды: 510

Еліміздің бірқатар министрліктері мен мекемелерінде тағайындаулар жасалды

ҚР үкіметінің қаулысымен еліміздің бірқатар министрліктері мен мекемелерінде кезекті тағайындаулар жасалды,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Қаулыға сәйкес Мұхтар Тілеуберді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары, ал Ғани Өзбеков қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. ҚР ақпаратттандыру және байланыс Агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына Асқар Жұмағалиев бекітілді. Сондай-ақ ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы қызметіне Алмас Қосынов, Азаматтық авиация комитетінің төрағасына Алматбек Мәмбетов, автожолдар және инфрақұрылымдық кешен құрылысы жөніндегі комитет төрағасы болып Ерік Сұлтанов тағайындалды. ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасарлары болып Тоқтарбай Қадамбаев, Ғасал Мусин, Александр Черепановтар тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть