Еліміздің бірқатар қоғам қайраткерлері "Азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы" атты бірлестік құруға бастама көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірқатар қоғам қайраткерлері "Азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы" атты бірлестік құруға бастама көтерді

Еліміздің бірқатар қоғам қайраткерлері "Азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы" атты бірлестік құруға бастама көтерді

Қазақстанда "Азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы" атты бірлестіктің ұйымдастыру комитеті құрылды. Бұл туралы журналистерге бүгін, 12-мамырда мәжілістің жалпы отырысы барысындағы үзілісте депутат Төлен Тоқтасынов хабарлады.

  • 12 Мамыр 2004
  • 1152
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, комитетке өзімен бірге кинорежиссер Рашид Нұғманов, профессор Нұрболат Масанов пен бірқатар БАҚ-тардың бас редакторлары енген. «Жемқорлықтың елімізде кеңінен етек жаюы осындай бірлестік құруға түрткі болды. Бұл шикізат секторына да, оңды-солды үлестіріле бастаған Астанадағы жерлерге де, жергілікті жерлерде белең алған ірілі-ұсақты жемқорлық оқиғаларына да қатысты»,- деді Т.Тоқтасынов. Оның айтуынша, аталмыш қоғамдық бірлестік еліміздегі жемқорлық оқиғаларын тектеп-тексеруді, олар туралы БАҚ-тарда жариялауды мақсат тұтады.

Депутаттың айтуынша, «қазіргі жағдаймен бірқатар Қазақстан азаматтарының бұл бастамасын Freedom Network атты танымал халықаралық ұйым қолдап отыр. Басқа халықаралық ұйымдар тарапынан да осындай қолдауға ие боламыз деген сенім бар»,- деді Т.Тоқтасынов.

Соңғы жаңалықтар